вторник, 10 сентября 2013 г.

Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"

Тахауи Ахтанов
"Күй аңызы"
Данный видеоматериал создан  телекомпанией «Апорт»
Телекомпания «Апорт» специализируется на производстве телевизионных цикловых передач, документальных, научно-популярных, презентационных, учебных, корпоративных видеофильмов, рекламных роликов и т.д.

четверг, 5 сентября 2013 г.


 Тахауи Ахтанов (1923-1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдебисын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.

  Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет жөне искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.




Тахауи Ахтанов

Тахави Ахтанов родился в 1923 году в селе Карабутак Актюбинской области. В 1941 году со второго курса педагогического института добровольцем ушел на фронт. После демобилизации занимал руководящие должности в редакциях республиканских издательств и журналов, с 1975 года -директор Государственной книжной палаты Казахской ССР. Член КПСС. Член Правления Союза писателей СССР.
Известный прозаик, драматург, исследователь литературы. Первые стихи и очерки Т. Ахтанова печатались во фронтовых газетах. Главные произведения в прозе: роман «Грозные дни» (1956), неоднократно переизданный в СССР и ГДР, сборники повестей и рассказов «Печаль любви» (1962), «Исповедь степи» (1964), романы «Буран» (1966), удостоенный Государственной премии им. Абая и выдержавший несколько изданий за рубежом, и избранное в двух томах «Свеча горит» (1974).
Перу писателя принадлежат драмы «Сауле», «Буран», «Неожиданная встреча», «Печаль любви», «Клятва», «Отец и сын», комедия «Покорный зятек».
Автор двух монографий: «Г. Мусрепов» (1956), «Караван» (1969).
Перевел на казахский язык трилогию А. Н. Толстого «Хождение по мукам», рассказы М. Горького.
Т. Ахтанов награжден двумя орденами Красной Звезды, орденом Отечественной войны II степени, орденами «Знак Почета», Трудового Красного Знамени и медалями.